БҚО-да 569,3 млн астам теңгеге әкімшілік айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 60786 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 569,360 млн астам теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО-да 569,3 млн астам теңгеге әкімшілік айыппұл салынды

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 40696 әкімшілік материал бойынша 339,8 млн астам теңге өндірілді.
Оған қоса жыл басынан бері 6 «Ураган» ақпараттық-бағдарламалық кешеннің көмегімен сот орындаушыларымен шектеу және ұстау шаралары қабылданған 676 автокөлік құралы тоқтатылды. Мұндағы жалпы қарыз көлемі 80,6 млн астам теңгені құрайды.