БҚО-да аптап ыстық бірнеше күнге созылмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 5-8 тамызда өңірдің кей жерлерінде күн 40-42 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар алынуда.

Күннің ысуына байланысты өңірде өрт қаупі де күшейіп тұр.

БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың бүгін мәлім еткеніндей, биыл облыс аумағында екі орман (50,3 га) және 19530 гектар жерді қамтыған 208 дала өрті тіркелді. Бұл өткен жылғыдан (1769 га жердегі 90 табиғи жану оқиғасы) екі есеге көп. Өртке байланысты Ақжайық, Қазталов аудандарында және Бөкей ордасының Сайқын ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды.

Өрттің алдын алу және «тілсіз жауды» ауыздықтау мақсатында өңірде 2954 адамнан тұратын 151 ерікті жасақ құрылды. Олар 94 су тасығышпен, 449 басқа да бейімделген техникалармен, 1706 аспалы өрт сөндіргіштермен, 106 мотопомпамен және 1633 өзге де құралдармен қамтамасыз етілді. 

Соңғы жаңалықтар