БҚО-да қалың қар жауып, бұрқасын болатыны жөнінде тұрғындарға ескерту жасалды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында 31 желтоқсан күні қар жауып, бұрқасын соғады.

БҚО-да қалың қар жауып, бұрқасын болатыны жөнінде тұрғындарға ескерту жасалды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады.

Өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты ТЖ департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпау керектігін ескертті. Шаруа қожалықтары басшылары қарауындағы адамдарды далаға жібермеуі, ал малды қорада ұстауы қажет. Төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалған абзал. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша қалың қар мен күшті желге байланысты республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы жолында (273-393 км, Барбастау-Жымпиты аралығы) 30 желтоқсан күнгі сағат 16.00-ден бастап жүк және қоғамдық көліктер үшін шектеу енгізілді. 

Сонымен қатар БҚО полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салды. 

— Басып озу маневрін тек жол қауіпсіздігіне толық көз жеткізгеннен кейін ғана бастаңыздар. Автокөліктің техникалық жағдайына ерекше назар аудару қажет. Қауіпсіз арақашықтықты сақтап, белгіленген жылдамдық режимінен аспаңыздар және кенеттен тоқтауға жол бермеңіздер. Көлік жүргізушілері әрдайым мұқият болып, өздерінің қасындағы жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына жауапты екендерін ұмытпаулары тиіс, — делінген ресми мәліметте.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар