Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да тағы бір адам суға кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Подстепный ауданы тұсында кеше кешкі сағат 20.00 шамасында 1985 жылғы ер адам Барбастау өзеніне суға кетті.

БҚО-да тағы бір адам суға кетті

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде оның денесі іздестірілуде.

Еске сала кетейік, облыста 6-8 тамыз аралығында төрт бала «тілсіз жаудың» құрбаны болды. Оған қоса 6 тамыз күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 25 жасар жігіт суға кетіп, денесі таптырмай жатыр.

Биыл өңірде 19 адам суға кетсе, соның сегізі - балалар. Бұл «тізімге» әзірге денесі судан шықпаған соңғы екі адам енгізіле қойған жоқ.

Мұндай қайғылы оқиғаға ұшыраудың негізгі себебі суға шомылуға болмайтын жерден түсу болып отыр. Сондай-ақ балалардың ата-аналарының қарауынсыз жүруі, адамдардың мас күйінде түсуі, судағы қауіпсіздікті сақтамау себеп болуда.