БҚО мен Волгоград облысы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)

СОЧИ. ҚазАқпарат - Сочи қаласындағы Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII Форумы аясында өтіп жатқан «Агроөнеркәсіптік кешен саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың перспективасы» атты мамандандырылған көрме барысында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Волгоград облысының әкімшілігі арасында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

БҚО мен Волгоград облысы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сочиде Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII Форумы өтіп жатыр. Форум шеңберінде «АӨК саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың перспективасы» мамандандырылған көрмесі өтуде. Оған Қазақстанның 10 облысы мен Алматы қаласынан ауыл шаруашылығы саласындағы 60 кәсіпорын (Атырау - 5, Қостанай - 3, Павлодар - 4, Батыс Қазақстан - 5, Оңтүстік Қазақстан - 15, Шығыс Қазақстан - 4, Алматы облысы - 6, Ақтөбе - 2, Солтүстік Қазақстан - 13, Алматы қаласы - 3) қатысуда. Қызылорда облысы Ресей Федерациясымен ынтымақтастық жөнінде арнайы стенд әзірледі.

Қатысушылар қатарында негізгі министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, Ресей Федерациясы субъектілері мен Қазақстан облыстарының басшылары, ірі бизнес өкілдері бар.