БҚО полициясы әйел адамның өліміне қатысты аса ауыр қылмысты ашты
ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында әйелді өлтірген күдікті ұсталды.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қанды оқиға Казталов ауданы Болашақ ауылында болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне қатысты аса ауыр қылмысты ашты.
- Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен ер адамның мерт болғанын жазған едік.