БҚО: Тайқазан Ақтөбеге жол тартты (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 3 сәуір күні Оралдағы Салтанат сарайында «Қазақстан халқы Асссамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық эстафетасы аясында «Тайқазан» ақтөбеліктерге табыс етілді.
None
None

Биылғы 4 ақпанда Түркістанда ұлықталған тайқазан Атырау арқылы Ақ Жайыққа жеткен болатын.

Салтанатты шарада Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың атап өткеніндей, қазақ халқы ежелден қастерлеген тайқазан мәңгілік ортаймайтын ырыс-берекенің белгісі іспеттес. ҚХА жылына орай Батыс Қазақстанда да көптеген шаралар атқарылуда. Міне, солардың тізімі осы қасиетті тайқазанға салынып, ақтөбеліктерге тапсырылып отыр. Осылайша, барлық облыстарда болатын тайқазан 22 сәуір күні елордаға жеткізіліп, онда ҚХА-ның кезекті сессиясында Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталмақ.

Қазақстан халқы Ақтөбе облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршиннің айтуынша, киелі тайқазан бұдан кейін Қостанайға табыс етіледі. Ақтөбе облысында да 19 этномәдени бірлестік жемісті жұмыс жасап, түрлі өрелі істердің ұйытқысы болуда.

Соңғы жаңалықтар