Блинов кубогы: «Барыс» соңғы кездесуінде «Локомотвпен» ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін елордалық «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов кубогында төртінші ойынын «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу қазақстандық уақытпен 11:00-де басталады.
Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысып жатыр.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан бұрын үш ойында жеңіліп қалды.
Еске салсақ, былтыр «Барыс» шайбалы хоккейден Блинов турнирінде жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы төрт ойынын елордада өткізеді.
Алдымен 4 қыркүйекте Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, одан кейін 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен шеберлік байқасады.