Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады

АСТАНА. KAZINFORM — Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 7 тамыз күні сағат 15.00-де жарияланатынын айтты

гранты
Фото: gov.kz

Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті.

— Комиссия құрамында қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін, — деді министр

Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданды. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады.

Минисрдің мәліметінше, қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағат 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.  Сондай-ақ грант конкурсының қорытындысын мына ресми ақпарат көздерінен көруге болады.