Бөкей ханға арнап мемориалды кешеннің салынуы - халықтарымыздың арасындағы достықтың тағы бір белгісі - Астрахан облысының губернаторы

ТРАХАН ОБЛЫСЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Бөкей ханға арнап кесене салу - халықтарымыздың арасындағы достықтың тағы бір белгісі»,

Бөкей ханға арнап мемориалды кешеннің салынуы - халықтарымыздың арасындағы достықтың тағы бір белгісі - Астрахан облысының губернаторы

деп мәлім етті РФ Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкин Кіші Арал ауылында Бөкей ордасының негізін қалаушыға арнап салынған кесененің ашылу салтанатында.

«Бөкей хан тарихта Ресеймен тығыз байланыс орнатқан алғашқы хандардың бірі. Бұл байланыстар күн сайын нығайып келеді. Және де біздің борышымыз ұлы бабаларымыздың аманатын сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру», - деді А. Жилкин.

«Бөкей ханға арналған кешеннің мемлекет тарапынан емес, қазақ және ресейлік кәсіпкерлердің шығарған қаражатына салынғаны өте тамаша. Өлі разы болмай, тірі байымайды дейді. Өте дұрыс айтылған нақыл сөз. Сондықтан біз тарихты ұмытпауға міндеттіміз және оны ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткізіп отыруымыз керек», - деді кесененің ашылу салтанатында Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев.

Әкім Қазақстанның Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облыстары арасында өте тығыз байланыс, экономикалық және мәдени қарым-қатынас орнағанын атап өтті.