Бөкей ордасының мерейтойына дайындық қалай жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Келесі жылы Бөкей ордасының құрылғанына 225 жыл толады. Мерейтойға дайындық жұмыстары туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтып берді.

о
Фото: ОКҚ

– Мерейтой дайындығына былтырдан бастап кірістік. Бұл аралықта ауданға жол салынды. Қазір тұрғындар қиындықсыз, 4-5 сағатта 600 шақырым жолмен облыс орталығына жете алады. Сонымен бірге, ауданда Хан ордасына дейін 21 шақырым жерде жол жоқ болатын. Оны да асфальттап, жаңа жол салдық, – деді Н.Төреғалиев елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, Бөкей ордасындағы мектеп пен Мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өткізілді. Жаңа спорт кешені салынды. Хан ордасының өзінде визит-орталық пен әкімшілік ғимарат бой көтерді.

– Реконструкцияны қажет ететін нысандардың барлығын күрделі жөндеуден өтті. Биыл Жәңгір хан жатқан кесенеге де реконструкция жасалып жатыр, оны жақында аяқтаймыз. Ауылдың ішіндегі көшелерге де жол салынып, жаңадан электр жарығы тартылды. Жалпы, Хан ордасы, Бөкейорда ауданы мерейтойға толықтай дайын, – деді Нариман Төреғалиев.

Әкім мұнда келетін туристер саны да артқанын атап өтті. Хан ордасына жылына отыз мыңға жуық турист келеді. Олардың көпшілігі – Ресейдегі қандастар және облысқа түрлі шаруамен келетін қонақтар.

Бұған дейін БҚО әкімі өңірдегі тұз тапшылығы туралы пікір білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар