«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді

АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді. Бұл туралы Антикор хабарлады. 

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директоры жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

— Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік Антикор Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне байланысты пікір білдірген еді

Соңғы жаңалықтар