15:51, 16 Қараша 2025 | GMT +5
Боксшы Санжарәлі Бегалиев Үндістандағы әлем кубогының жартылай финалына шықты
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды olympic.kz.
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға жолдама алды.
1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.
Санжарәлінің қоржынында енді кем дегенде қола медаль бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Дели қаласындағы World Boxing аясында өтетін әлем кубогында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталғанын жазғанбыз.