Боксшыларымыз бір де бір Олимпиададан жүлдесіз қайтқан емес — министр

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасының жүлдегері Нұрбек Оралбайды құттықтады. 

Ермек Маржикбаев
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Еске сала кетейік, 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай Олимпиада финалында Александр Хижнякқа (Украина) есе жіберіп, күміс жүлде иеленген болатын.

«Білекті де жүректі былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбайды күміс жүлдемен шын жүректен құттықтаймын! Париж шаршы алаңында жерлестеріміз аса сәтті өнер көрсете алмаса да, Қазақстан бәрібір бокс әлеміндегі орны бөлек құрамалардың бірі болып қала береді. Бұлай деп айтуыма жерлестеріміздің бір де бір Олимпия ойындарынан жүлдесіз қайтпағаны дәлел бола алады. Париждегі дүбірлі додада былғары қолғап шеберлеріміз дәстүрден жаңылмай, ел қоржынына жүлде салды. Чемпионды тәрбиелеген жеке бапкері Асқар Еркебаевқа, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановқа, жалпы бапкерлік құрамға алғысымды айтамын. Барша отандасымызды Олимпиаданың күміс жүлдесімен құттықтаймын!» — деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

 

Соңғы жаңалықтар