Бокстан ӘЧ: Аида Әбікеева жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Аида Әбікеева жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: prosports.kz

Астаналық Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта қытайлық Ченьгю Янмен қолған түйістірді.

Бірінші раундта Аида нокдаун алып қалып, басымдылық қарсыласына берілді. Екінші, үшінші кезеңде де ештеңе өзгере қойған жоқ. Есеп – 5:0, қытайлық спортшының еншісінде.

Кешкі сессияда Қазақстаннан Римма Волосенко мен Надежда Рябец жекпе-жектерін өткізеді.

Әлемдік додада бақ сынаған 12 қазақстандық боксшының 9-ы жарысты жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мәдина Нұршаеваның ширек финалға өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жайна Шекербекова мен Валентина Хальзова ¼ финалға жолдама алды.

Бокстан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшының бақ сынайтыны хабарланды.

Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты.

Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар