Бокстан Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі) ¼ финалға жолдама алды.
Отандасымыз 1/8 финалда оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді.
Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үшминуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.
Енді ел құрамасынан тағы сегіз қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия (16:00)
60 келі. Виктория Графеева vs Люси Кингс-Уитли
55 келі. Махмұд Сабырхан vs Башким Бажоку
80 келі. Нұрбек Оралбай vs Тоқтарбек Таңатхан
Кешкі сессия (22:00)
48 келі. Назым Қызайбай vs Лила Зелецкий
50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Хутхайха Эшиш
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов vs Георгий Кушиташвили
70 келі. Наталья Богданова vs Сема Чалышкан
65 келі. Ертуған Зейнулинов vs Патрис Мугалзай.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.