Бокстан әлем чемпионатында 9 желтоқсанда кімдерге сенім артамыз
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан алты боксшы сынға түседі.
Бұл күні еліміздің атынан Сәкен Бибосынов, Ертуған Зейнуллинов, Дәулет Төлемісов, Даниял Сәбит, Оразбек Асылқұлов, Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шығады.
9 желтоқсан
54 келі. Сәкен Бибосынов — Факи Исса Факи (Танзания)
63.5 келі. Ертуған Зейнулинов — Хосе Мануэль Агуйрэ Круз (бейтарап елдің өкілі)
86 келі. Дәулет Төлемісов — Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
51 келі. Даниял Сәбит — Леник Фернандес (Кабо-Верде)
57 келі. Оразбек Асылқұлов — Мукело Дламини (Эсватини)
71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Александр Радионов (Беларусь)
Сондай-ақ 8 желтоқсанда ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.
Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.
IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.