Бокстан әлем чемпионатында қазақстандық бесінші боксшы финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан (55 келі) финалға жолдама алды. 

Бокстан әлем чемпионатында қазақстандық бесінші боксшы финалға шықты
Фото: ҰОК

Отандасымыз жартылай финалда қытайлық қытайлық Лю Чуанмен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында төрешілердің барлығы Махмұдтың жеңісіне қолдау білдірді. Нәтижесінде ол қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды. 

Ал 2024 жылы Азия чемпионы болса, 2022 жылы күміс медаль алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі) финалға жолдама алған еді.

Енді ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.

Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі). Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) иек болды.

Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар