«Болашақ» бағдарламасының 2016 жылғы бюджеті 19 млрд. теңгені құрап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының 2016 жылғы бюджеті 19 млрд. теңгені құрап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Ғани Нығыметов мәлім етті.

«Түлектерді шетелде оқытуға деп бөлінген біздің бюджетіміз биыл 19 млрд. теңгені құрап отыр», - деп хабарлады Ғ.Нығыметов.

Оның айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының нәтижелерін бағамдай отырып, биыл бағдарламаның 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспары әзірленген.

Соңғы жаңалықтар