Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің қатысушыларын қарсы ала бастады. Елордаға әлемдегі жетекші фиджитал және киберспорт командалары келуде. Олардың қатарында ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Алдағы күндері Астана 50-ден астам ұлттың 800-ден аса спортшысын біріктіріп, дәстүрлі спорт түрлері, компьютерлік ойындар мен заманауи технологиялар тоғысатын әлемдік фиджитал спорттың басты алаңдарының біріне айналады.

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Елордаға алғашқылардың бірі болып Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасының қатысушылары келді. Олардың қатарында MINSK, Zagrebacki malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball және Латын Америкасындағы ең танымал спорт клубтарының бірі саналатын Boca Juniors командалары бар. Клубтың баскетбол бөлімі Аргентинаның қазіргі екі дүркін чемпионы әрі Basketball Champions League Americas турнирінің жеңімпазы болып табылады. Ал клубтың фиджитал командасы «Болашақ ойындары 2026» турниріне ұлттық іріктеуде жеңіске жету арқылы жолдама алды.

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Фиджитал-баскетбол командаларынан кейін елорда турнирдің өзге де дисциплиналарының қатысушыларын қабылдауға дайындалуда. Астанаға келетін ең танымал ұжымдардың қатарында Xtreme Gaming, Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ бар. Олар MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO және турнир бағдарламасындағы басқа да дисциплиналарда бақ сынайды.

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Спорт нысандарында соңғы дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Турнир барысында цифрлық матчтар мен дәстүрлі жарыстарды қатысушылар мен көрермендерге арналған интерактивті аймақтар мен заманауи технологиялық шешімдер толықтырады.

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Командалардың келуі турнирдің негізгі оқиғаларының басталғанын білдіреді. Фиджитал және киберспорт жанкүйерлері бұған дейін халықаралық трансляциялар арқылы ғана тамашалаған әйгілі ойыншылар мен командалардың өнерін енді Астанада тікелей көре алады.

«Болашақ ойындары 2026»: Киберспорттың әлемдік жұлдыздары Астанаға келіп жатыр
Фото: Туризм және спорт министрлігі

«Болашақ ойындары 2026» турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Бағдарлама физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін сегіз дисциплинадан тұрады.

Айта кетелік Астанадағы «Болашақ ойындарына» 800 ерікті қатысады