«Болашақ» шахтасында күйік шалған үш жұмысшының екеуі Астанада ем қабылдап жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Дөң тау-кен байыту комбинатындағы «Болашақ» шахтасында күйіп қалған жұмысшылардың екеуі санавиация арқылы Астанаға жеткізілді. Біреуі Ақтөбеде ем алып жатыр.

хоспис
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастардың жағдайы тұрақты ауыр. 

— Екі науқас санавиация арқылы Астана қаласына жіберілді. Олар елордадағы республикалық орталықта емін жалғастырады. Ал біреуі көпсалалы облыстық ауруханасына тасымалданды. Жағдайы тұрақты ауыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 мамыр күні сағат 22:30–да «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында қысқа мерзімді тұтану болды. Электр жабдықтарын монтаждап жатқан үш кезекші электрослесарьды күйік шалды

27 мамырда «Қазхром Трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы — Дон тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында болған оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев Ақтөбе облысына келді. Сол кезде шахтадағы барлық жұмысты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды

Соңғы жаңалықтар