«Болашақ» стипендиясы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі және шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылыми министрінің бұйрығымеғн Қазақстанда «Болашақ» халықаралық стипендиясы ауқымында шетелде білім алу үшн құжаттар қабылдау мерзмі, шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі, сондай-ақ шетелде оқытылатын мәндес мамандықтар тізбесі бекітілді.

 «Болашақ» стипендиясы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі және шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 10 ақпан №59 Астана қаласы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың қейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. 2015 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері белгіленсін:

1) құжаттарды қабылдау - 2015 жылғы 13 сәуірден бастап 8 мамырды қоса алғандағы кезең, 2015 жылғы 8 маусымнан бастап 10 шілдені қоса алғандағы кезең, 2015 жылғы 10 тамыздан бастап 1 қазанға дейінгі кезең;

2) конкурсты өткізу - 2015 жылғы 12 мамырдан бастап 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғандағы кезең.

2. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарын оқыту, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.К.Шаймарданов) мыналарды:

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаев жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр А.СӘРІНЖІПОВ. «Болашақ»халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарын оқыту, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі, 2015 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесі республикалық ресми басылымдарда жарияланды ( http://egemen.kz/2015/03/19/53595 ).