Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Болашақта қытайдағы қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлын қазақ еліне шақыру ойымызда бар - Арыстанбек Мұқамедиұлы

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Болашақта қытайдағы қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлын қазақ еліне шақыру ойымызда бар. Бүгін туралы бүгін Рио-де-Жанейро қаласында ашылған Қазақстан баспасөз орталығына журналистермен кездескен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұқамедиұлы мәлім етті.

Болашақта қытайдағы қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлын қазақ еліне шақыру ойымызда бар - Арыстанбек Мұқамедиұлы

Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

"Биыл Рио олимпиадасына Түркияда туған қазақ қызы таэквондошы Жансел Дениз өз елінің атынан өнер көрсетеді. Болашақта қытайда жүрген қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлын ата жұртына шақыру ойымызда бар. Ол қандасымыз осы Олимпиадада Қытай туының астында өнер көрсетеді", - деп атап өтті министр.

Бұл министрліктің қазіргі таңдағы қолға алған басты мақсаттарының бірі екенін айтты.

"Қазір шетелде қаншама мықты қазақ спортшылары жүр. Біз оларды ақырындап елге шақыруымыз керек. Біздің қазіргі ұстанып отырған бағыттарымыздың бірі осы", - деп атап өтті А. Мұқамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, енді санаулы сағаттардан соң Рио олимпиадасының алауы тұтанады.

XXXI жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуын «Хабар» арнасы 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы - Астана уақыты бойынша 04.55-те. 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 104 спортшыны алып келді.