Болгария Қазақстанды Орталықазиялық аймақтағы өзінің стратегиялық серіктесі ретінде қарастырып отыр

;АСТАНА.  Желтоқсанның  2-сі.  ҚазАқпарат -   Болгария    Қазақстанды    Орталықазиялық аймақтағы   өзінің   стратегиялық серіктесі ретінде   қарастырып отыр.
None
None

Бұл туралы Қазақстанның Болгариядағы істерінің Сенімді өкілі Теміртай Ізбастиннің сейсенбі,  желтоқсанның 1-і күні Софияда  Болгария  Президенті әкімшілігінің   басшысы  - Бас хатшы  (әкімшілік  басшысы)  Красимир  Стоянов және     Президенттің сыртқы  саясат жөніндегі көмекшісі   Эмиль  Вылевпен  болған кездесуінде       айтылды.

 Кездесу  барысында қазақстандық дипломат    болгар  тарапын    біздің еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық    ахуалмен және  саяси     өзгерістермен таныстырды.    Этносаралық   және конфессияаралық   келісімді  сақтау, елде тұрып жатқан  аз   ұлттардың    этностық құқықтарын   қамтамасыз  ету саласындағы  мемлекеттік саясаттың басты  бағыттарымен,  дінаралық диалог  орнату  жөніндегі ел басшылығының  күш-жігерлерімен,  сондай-ақ    Қазақстанның алдағы жылдардағы  халықаралық    ұйымдардағы төрағалығымен   таныстырды.

 Жүздесу кезінде Қазақстанның    2010   жылғы ЕҚЫҰ-ға   төрағалық   мәселелеріне,  сондай-ақ   келесі  жылы Астанада   ЕҚЫҰ   елдері Мемлекет басшыларының саммитін   шақыру  жөніндегі бастамаға       айрықша  назар    аударылды.

Соңғы жаңалықтар