Болгария үкіметі бірнеше аптаға созылған наразылық акцияларынан кейін отставкаға кетті

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылдың 16 қаңтарында қызметке кіріскен Болгария премьер-министрі Росен Желязков парламенттің сенім вотумына дауыс беруіне бірнеше минут қалғанда теледидардан сөйлеген сөзінде отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды DW.

Росен Желязков
Фото: aa.com.tr

Көшедегі наразылық акцияларына он мыңдаған адам қатысты. Наразылықтар үкіметке және 2026 жылға арналған бюджет жобасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулардан туындады.

Болгария үкіметі бұған дейін Софияда және одан тыс жерлерде өткен ауқымды наразылық акцияларынан кейін даулы бюджеттік ұсынысты біржолата қайтарып алатынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, болгарлардың жартысына жуығы елде еуро енгізуге қарсы, себебі ол Болгарияның егемендігіне нұқсан келтіреді деп қауіптенеді.

Олар, сондай-ақ еуроға көшу - бөлшек саудагерлердің бағаны көтеруіне себеп болады деп алаңдайды.

Соңғы жаңалықтар