09:12, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Болгариядағы қазақстандық дипмиссия Жеңіс күніне орай іс-шаралар өткізді
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Софияда Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Кеңес Армиясының және Кеңес жауынгерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

Іс-шараға Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей мен Украина дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары және шет ел мемлекеттердің әскери атташелері қатысты.
8 мамырда Пловдив қаласында ҚР Дипмиссиясы мен ҚР Болгариядағы Құрметті консулы атынан Кеңес жауынгері «Алёшаның» ескерткішіне гүл шоқтары қойылған болатын.