«Бомба бар»: Қызылордада полицейлер мектепті тексеріп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында полицияға мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазір ғимараттан адамдар эвакуацияланып, мектеп тексеріліп жатыр. 

жарылғыш зат бар деген хабарлама түскен
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Оқиға, бүгін 10 сәуірде болды. Полицияға Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы салынғаны туралы хабарлама келген.  

«Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер жетті. Ғимараттан адамдар эвакуацияланып, тексерілуде. Департамент қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатын терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) жаза көзделген. Осы бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар