Боран: Абай облысында полицейлер 300-ден астам көлікті өткізді

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысындағы «Омск-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде полицейлер 300-ден астам көліктен тұратын автотізбекті өткізді. 

Боран: Абай облысында полицейлер 300-ден астам көлікті өткізді
Фото: Видеодан скрин

Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 666-733 шақырым аралығында қалған автотізбекті бірреттік өткізу ұйымдастырылды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жалпы саны 300-ден астам автокөлік, оның ішінде 189 жеңіл және 126 жүк көлігі өткізілген. 

— Автотізбек патрульдік полиция экипажының және жол қызметтерінің арнайы техникасының жол бастап жүруімен Бесқарағай ауылынан Семей қаласы бағытына шықты. Қозғалыс боран мен көріну қашықтығының шектелуі жағдайында тәуекелдерді азайту мақсатында, полиция қызметкерлерінің толық бақылауымен, ұйымдасқан түрде жүзеге асырылды, — делінген ақпаратта. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да полицейлер 80-нен астам көліктен тұратын автотізбекке жол бастап жүргені хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар