Боран мен көктайғақ: Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - Синоптиктер Қазақстанның 15 облысында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.
«Қазгидромет» болжамына қарағанда, Астанада жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, түнде оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Алматыда күндіз жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Шымкентте көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысында түнде қар, боран, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда түнде қар мен жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел батыстан, облыстың батысында екпіні 15–20 м/с.
Қонаевта таңертең және күндіз жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысының батысында тұман түседі.
Ұлытау облысында түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, шығысында кей уақытта қалың қар жауады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман. Жезқазғанда 26 желтоқсанға қараған түні қар, жаяу бұрқасын, кей уақытта тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарда жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, тау асуларында 23–28 м/с-ке дейін жетеді.
Түркістан қаласында жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде қалың қар жауады. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында қар жауады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман.
Қарағандыда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғады, екпіні 15–20 м/с.
Оралда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысында түнде батысы мен солтүстігінде қар, боран, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, ал солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қалың қар жауады. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23–28 м/с.
Семейде қар жауып, боран, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында қалың қар жауады.
Өскеменде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында көктайғақ болады, өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында аяз 20 градусқа дейін күшейеді.
Ақтауда көктайғақ болады.
Қызылорда облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылордада түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, кей уақытта тұман түседі.
Жетісу облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарда жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Шығысында және таулы аудандарда тұман түседі. Жел батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында түнде жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз де осындай жағдай сақталып, таулы аймақтарда жауын-шашын күшейеді.
Таразда күндіз көктайғақ күтіледі, кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с.
Осыған дейін Жаңа жыл түні Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болатыны туралы жазды.