Боран салдарынан Щучье қаласынан шығар берістегі жол полициясы бекетінде көліктер қаңтарылып тұр (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қатты боранның салдарынан «Көкшетау-Астана» тас жолының жабылуына байланысты көлік кептелісі орын алуда.
None
None

Щучье қаласынан шығар берістегі жол полициясы бекетінде 50-ден астам көлік қаңтарылып тұр. Еске сала кетсек, бүгін таңертең 8 желтоқсан күні сағат 10.00-ден бастап боран салдарынан жолдың нашар көрінуіне байланысты «Алматы-Екатеринбор» (856-917 км), «Астана-Петропавл» (18-230 км) тас жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылған. Әзірге, жолдың қашан ашылатыны белгісіз. Аймақтық ТЖД 102 арнайы телефон нөмірі облыс аумағында секундына 20 метр жылдамдықпен боран соғып тұрғанын ескертті. Аталған жол бекетінде қаз-қатар тізіліп тұрған көліктерді жол полициясы қызметкерлері кейін қайтарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар