Босния және Герцеговинада қоқыс аралы тағы да тау өзенін бөгеп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Дрина өзенінің изумруд түсті су беті пластик бөтелкелермен, жиһаз сынықтарымен, құрылыс материалдарымен, тот басқан бөшкелермен, тұрмыстық техниканың қалдықтарымен және тіпті жануарлардың өлекселерімен толығымен жабылып қалған, деп хабарлайды DW.

Босния және Герцеговинада қоқыс аралы тағы да тау өзенін бөгеп қалды
Фото: DW

Жергілікті белсенділердің мәліметінше, қалдықтардың арасында медициналық қоқыс та бар.

қоқыс аралы
Фото: DW
қоқыс аралы
Фото: DW

Бұл өңір үшін мәселе жаңалық емес. Әр қыста аймақта тасып жатқан өзен әкелген қоқыс ағыс бойымен төмен қарай жылжып, Вишеград қаласындағы су электр станциясы орнатқан бөгеттердің маңына жиналады. Соның салдарынан алып жүзбелі қоқыс аралдары пайда болады.

қоқыс аралы
Фото: DW

— Бұл — саяси ерік-жігердің жоқтығы мен жауапты барлық институттың әрекетсіздігінің айқын көрінісі. Олар жыл сайын жиналып, уәде береді. Бірақ көріп отырғанымыздай, мұндай көріністер қайта-қайта қайталанып жатыр. Бұл — экологиялық апат. Дрина балыққа бай өзен, мұнда қандай улы заттар бөлініп жатқанын елестетуге болады, — деді Euronews телеарнасына Eko Centar экологиялық ұйымының өкілі Деян Фуртула. 

Айта кетелік 

Соңғы жаңалықтар