Бозбала Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікті таусылмас ерік-жігерімен және мақсаткерлігімен таң қалдырды - З.Шуатаева

«Үлкенге кұрмет, кішіге ізет» тақырыбында өткен кездесу барысында Зура Шуатаева Елбасымен өзінің таныстығы жөнінде жастарға әңгімелеп берді. Сондай-ақ Тұңғыш Президент туралы қызықты әңгімелерімен қатар, жоғары партиялық мектепте бірге білім алған сәттерінде еске алды.
«Мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен 50 жылдан астам таныспын. Алғаш рет Елбасыны ҚКЖЛК ОК-нің XI съезінде көрген болатынмын. Сол кезде 19 жастағы бозбала Нұрсұлтан көпшілікті таусылмас ерік-жігері, мақсаткерлігі және өз ойын өзгеге түпкілікті жеткізе алатындығымен таң қалдырды. Біздің Елбасы - барлығымызға үлгі болар тұлға. Болашақта барлық жастардың осындай жетістіктерге жетуін тілектеспін», - деді Зура Шуатаева.
Кездесу барысында жастар Зура Шуатаеваға өздерінің көкейлерінде толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.