Бір күн қалды: Алматыда қанша мопед тіркелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 5 сәуірден бастап Қазақстанда тіркелмеген мопедтер айыптұрағына қойылады.

Мопедтер
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 4 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 8539 мопед тіркелді. Оның 3100-і экстерриториялық қағидатына сай тіркелген.

Полиция кампанияның аяқталуына 1 күн қалғанын еске салды.

– 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айыптұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады,– делінген хабарламада.

Бұған дейін мопедтерін тіркемегендерге қандай жауапкершілік көзделгенін жазған едік. 

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жол ережесін бұзған мопед жүргізушілеріне жаза қатаңдатылатыны туралы айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар