Бір күнде — екі күміс: Нұрбек Оралбай Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.

бокс
Фото: Владислав Семенов/ҰОК
бокс
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.

бокс
Фото: ҰОК

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды. 

бокс
Фото: ҰОК

Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.

олимпиада
Фото: ҰОК

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып келген болатын.

бокс
Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.

бокс
Фото: ҰОК

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.

бокс
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Ол кеше ел қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші қола жүлдесін сыйлаған еді.

бокс
Фото: ҰОК
бокс
Фото: ҰОК

 

Соңғы жаңалықтар