Браконьерлерді ұстауға ресейлік шекарашылар көмектесті

«Көршілеріміздің» жағалау күзеті бөлімшелері Каспий теңізінің акваториясында және Еділ, Жайық, Қиғаш өзендерінде қамсыз жүзуді қамтамасыз ету, браконерлік іс-әрекеттің алдын алу, теңіз биологиялық қорларын бірлесіп күзету бойынша екі мемлекет арасында өткізіліп жатқан оперативтік алдын алу шаралары шеңберінде, ау, жабдықтарын тиеп алып, қарт Каспийдің қазақстандық секторына қарай қаздай тізіліп бара жатқан «Байда» типтес 14 шағын кемені құрықтапты. Бұларына, әрине, алғыстан басқа айтарымыз жоқ, деп хабарады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын бірнеше рет хабарланғандай, ТМД-ға мүше елдердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 2014 жылғы 4 маусымдағы отырысының шешімі бойынша ресейлік және қазақстандық шекаралық мекемелер құқық қорғау және табиғатты қорғау құрылымдарымен бірлесе отырып, 2015 жылдың сәуір-мамыр және қазан айларында жоғарыда аталған шараларды ұйымдастырып, өткізуге уағдаласқан болатын.
Шаралардың басынан бастап күні бүгінге дейін заңсыз балық аулаған 51 адам (46-сы біздің отандастарымыз, 5-і - ресейліктер) ұсталды.
Браконерлердің жайып қойған - 143 720 м. ауы жиналып алынды. Оған қоса 4050 м. калада, 7600 дана ілмектер, 2/950 м. ау жабдықтары, 20 дана төрлан жасалған ау табылды.
Балық зауыттарына 604 дана бекіре балық, 10 тоннадан астам бекіре тұқымдас балықтар өткізілді.
29 жүзу құралдары тәркіленді, олардың ішінде «Касатка» - 7, резіңке қайықтар - 5, «Казанка» - 5, «Баркас» типтес - 1, «Прогресс» - 3, «Моторлы қайық» - 1, «Амур» - 1, «Бударка» - 3, «Кронштадт» типтес теплоход - 1, «Тенгри» - 1, «Байда»-1 жүзу құралдары бар. .
Іс-шаралар жалғасуда.