Бразилия жаһандық орман қорына инвестиция салатын алғашқы ел болады

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилия — әлемдегі жойылып бара жатқан ормандарды қорғауға бағытталған «Мәңгілік тропикалық ормандар» атты көпжақты қаржыландыру тетігіне инвестиция салатынын жариялаған алғашқы ел болмақ, деп жазды AZƏRTAC.

Бразилия жаһандық орман қорына инвестиция салатын алғашқы ел болады
Фото: freepik

AZƏRTAC агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлағандай, Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва бұл бастаманы БҰҰ-да сейсенбі күні жариялауды жоспарлап отыр. Бұл қадам — жаһандық климаттық саясатты қаржыландыру мәселесінде көзқарастары әртүрлі дамыған және дамушы елдерден көбірек қаржылық үлес тартуға бағытталған.

Бразилия жаһандық орман қорына инвестиция салатын алғашқы ел болады
Фото: Азертадж

Бразилия үкіметі бұл Қорды қараша айында Амазонкадағы Белем қаласында өтетін БҰҰ-ның климаттық саммиті — COP30 шеңберіндегі өзінің басты бастамасы ретінде қарастырып отыр.

Айта кетейік, Испанияда орман өртін сөндірушілерге ерте зейнетке шығу құқығы берілді.

 

Соңғы жаңалықтар