Бразилияда найзағайдан 72 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилия астанасында бұған дейін бірнеше айыппен сотталған елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруны қолдау акциясы кезінде 72 адам найзағайдан зардап шекті. Бұл туралы жергілікті БАҚ жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бразилияда найзағайдан 70-тен астам адам зардап шекті
Фото: РИА Новости

— Жексенбі күні түстен кейін Бразилияда наразылық білдірушілерді найзағай соғып, жарақат алды. Олар мемлекеттік ауруханаларға жеткізілді, — деп жазды жергілікті БАҚ.

Медицина қызметкерлері 72 адамға көмек көрсеткен. Олар ең алдымен қолы мен іші күйіп қалған 29 адамды ауруханаға жеткізді, 8-нің жағдайы ауыр. Қалғандарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Митинг жаңбыр жауып тұрған уақытта Жуселину Кубичек мемориалының жанындағы алаңда өткен. Мұнда жүздеген адам жиналып, бұрынғы президенттің саяси одақтастарының келуін күтті.

Айта кетейік, осыған дейін Руанданың шығысында 15 адамды найзағай соққаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум