Бразилияда Олимпиада кезіне лаңкестік актісі дайындалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия полициясы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада кезінде лаңкестік актісін әзірлеуге күдіктелген 10 адамды тұтқындады.
Билік орындары ұсталғандар көптеген елдерде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшесі емес екенін хабарлады.
Сонымен қатар полиция мәліметтерінше, олар исламшылармен байланыс орнатуға тырысқан. Күдіктілер оңтүстіктегі Парана штатында тұтқындалған, деп хабарлады Би-би-си-дің Орыс қызметі.
Олимпиада-2016 Рио-де-Жанейрода тамыздың 5-21-і күндері өтпек.