Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бірыңғай QR енгізілгеннен кейін картамен төлем жасауға бола ма

АСТАНА. KAZINFORM - Бірыңғай QR жүйесі іске қосылды, алайда банк картасымен немесе смартфон арқылы (NFC) төлем жасау бұрынғыдай жалғасатын болады. Сауда орындары қолма-қол ақшасыз төлемнің барлық түрін қабылдауға міндетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

л
Фото: ТРТ

- Кәсіпкерлердің банк картасымен төлем қабылдаудан бас тартуына еш негіз жоқ. Себебі бұлай сатып алушыларды жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар бірыңғай QR арқылы төлем қабылдағаны үшін кәсіпкерлер төлейтін комиссия қазір банк картасымен төлем қабылдау кезінде төлеп жүрген комиссиядан жоғары болмайды, -деді банк төрағасы.

Ұлттық банктің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаментінің директоры Ерлан Ашықбековтің сөзінше, заң бойынша сауда орындары банк картасымен, QR-кодпен және мобильді қосымша арқылы төлем қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Сондай-ақ Ұлттық банк өкілдері қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерлерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанда банкаралық QR арқылы төлем жасау сервисі іске қосылды. Ал 19 шілдеден бастап бірыңғай QR жүйесіне қатысу барлық екінші деңгейлі банк үшін міндетті болады.