Бірыңғай QR жүйесі Қазақстандағы төлем нарығының төрттен бір бөлігін алып жатыр — Ұлттық банк
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit самитінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай төлем жүйесі туралы айтты.
Қазақстандағы бірыңғай QR жүйесі нарықтың 25%-ына жетті. Жүйе арқылы 400 миллиард теңгеден астам сомаға 20 миллионнан астам транзакция өңделді.
Оның айтуынша, банкаралық мобильді төлемдерді дамыту ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастыру кезеңдерінің бірі болды.
— Биыл біз 19 шілдеден бастап банкаралық мобильді төлем жүйесін іске қостық. 400 миллиард теңгеден астам сомаға 20 миллион транзакцияны өңделді. Бірыңғай QR жүйесі нарықтың 25%-ын алып жатыр, — деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы жүйені енгізуге қатысқан банктер мен қаржы секторының мамандарына алғыс айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан цифрлық қаржы инфрақұрылымының жеке элементтерін үнемі енгізіп келеді. Цифрлық теңге 2023 жылы, ал Ұлттық алаяқтыққа қарсы күрес орталығы 2024 жылы іске қосылды. Кейіннен банкаралық төлем құралдары мен басқа да цифрлық қызметтерді әзірлеу жалғасты.
Сүлейменов реттеушілердің міндеті тек өз процестерін цифрландыру емес, қаржы нарығының одан әрі технологиялық дамуы үшін жағдай жасау екенін атап өтті.
Еске салсақ, Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 26-отырысында QR-төлемдер мен цифрлық теңгені дамытуға жаңа шаралар ұсынылған еді.