Британдықтар ұшатын велосипед шығарды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құны 45 мың доллар, яғни жаңа Mercedes M-Class құнымен бірдей алғашқы ұшатын велосипед сатуға қойылды, деп жазады rosbalt.ru.
None
None

Paravelo Xplore Air атауымен шыққан бұл конструкция - екі британдық өнертапқыштың туындысы. Джон Фоден мен Яник Рид екі жылдай бұрын оны ойлап тауып, осы уақыт ішінде өндіріс мәселелерін шешіп үлгерген.

Ұшатын велосипед Hammacher Schlemmer эксклюзивті сыйлықтар ғаламтор-дүкенінің сайтында сатыла бастады. Бірақ, бір жыл бұрын өнертапқыштар «ұшақтың» құны 15-20 мың доллардан аспайтын болады деп уәде берген.

Ұшатын конструкция мықтылығы жоғары алюмений құймасынан жасалған рамалы кәдімгі жиналмалы екі дөңгелекті велосипед. Оның артына екі қосымша дөңгелекпен бекітілген. Оған көмірпластикалық қозғалтқыш қондырылған. Ол параплан қанатының көмегімен аспанға көтерілген «ұшқышқа» жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Paravelo Xplore Air-дің ұшу қашықтығы 120 шақырымды құрайды.

Соңғы жаңалықтар