Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Британияның Орталық Азия елдері бойынша министрі Қазақстанға келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Орталық Азия елдері бойынша министрі, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Тобиас Эллвуд 8-9 қазан күндері Астанаға келеді. Т.Эллвудтың Қазақстанға алғашқы сапары болып табылатын бұл оқиға екі ел арасында өсіп жатқан ынтымақтастықты танытып отыр, деп хабарлады Ұлыбританияның ҚР-дағы Елшілігінен.

Британияның Орталық Азия елдері бойынша министрі Қазақстанға келеді

Сапардың негізгі мақсаты: стратегиялық диалог форматындағы келіссөздердің екінші раундына тең төрағасы ретінде қатысу. Аталған екіжақты келіссөздер 8 қазан күні Астанада өтеді. Бірінші раунд 2014 жылдың қазан айында Лондонда өткізілген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков бұл келіссөздерде Қазақстан Республикасының тарапынан тең төрағалық етеді.

Қазақстанға сапары кезінде Т.Эллвуд екі елге қатысты екіжақты, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары қызметтегі бірқатар өкілдерімен кездесулер өткізеді. Аталған кездесулер, сондай-ақ келіссөздердің стратегиялық диалог форматындағы екінші раунды Ұлыбритания мен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың деңгейінің артып келе жатқанын білдіреді.