British Airways әуе компаниясы: Алматы-Лондон бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - British Airways әуе компаниясы 2013 жылдың 2 сәуірінен бастап Алматы және Лондон арасындағы тікелей рейстердің орындала бастағанын және осы бағытқа орындар саны аптасына 200 орынға дейін өскені туралы жариялайды.

British Airways әуе компаниясы: Алматы-Лондон бағыты бойынша тікелей рейс ашылады

Ұшақтар қозғалысының жаңа жазғы кестесі жұмысын бастаған соң Лондон-Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ұшырылады және ұшу қазіргі А321 аэробусының орнын басатын Boeing 767 үлкен әрі жайлы әуе кемесінде орындалады. Рейстер лондондық «Хитроу» әуежайының 5-ші терминалына жетеді, бұл көптеген бағыттар бойынша қолайлы тоғысуларды қамтамасыз етеді.

Boeing 767 әуе кемесі жолаушыларға British Airways қызмет көрсетуінің үш санатын ұсынады: Club World (бизнес-класс), World Traveller Plus (жақсартылған эконом-класс) және World Traveller (экономикалық класс).