Бірнеше республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу қойылады
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі ұзақ жолға шығуды жоспарлаған көлік жүргізушілеріне ескерту жасады. Себебі сағат 20:00–ден кейін республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылады.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда:
— 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Ақмола облысында республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментеу-Шидерті» автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
— 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментеу-Шидерті» автожолының 200-254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шидерті ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
— 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Ақмола облысында республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Екатеринбургке) — Алматы» автожолының 1292-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
— 2024 жылғы 9 қарашада сағат 20:00–де Қарағанды облысында:
1. «РФ шекарасы (Екатеринбургке) — Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
2. «РФ шекарасы (Екатеринбургке) — Алматы» автожолының 1426-1446 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
Бұған дейін Астанадан Щучинск қаласына дейін жол жабылатыны хабарланған болатын.