Астанадан Щучинск қаласына дейін жол жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі шектеу шаралары ауа райының қолайсыздығына байланысты қойылатынын айтты.
— Ақмола облысында көлік қозғалысын шектеу туралы 2024 жылғы 9 қарашада сағат 19:00–де Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, «ҚазАвтоЖол» тағы қарыз алатыны хабарланды.
Бұған дейін компания жүргізушілерге ескерту жасағанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» Түркістан облысындағы жолдың орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады.
Бұдан бөлек, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасына қатысты тергеу аяқталғаны белгілі болды.