Бірінші лига: «Шахтер» қатарынан екінші рет жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Бірінші лигасының 13-туры мәресіне жетті.

Шахтер
Фото: Kffleague.kz

Екінші ойын күні көш басында келе жатқан командалар өзара кездесті. 

Алғашқы матчтың бірінде қарағандылық «Шахтер» мен ақтаулық «Каспий» шеберлік байқасты. Турнир кестесінде бір-бірімен қатарлас келе жатқан қос ұжым үшін бүгінгі ойында жеңіске жету маңызды болатын. Бұл жолы «Каспий» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде ақтаулық клуб турнир кестесінде 34 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Есесіне екінші ойын қатарынан жеңілістің ащы дәмін татқан қарағандылық команда жағдайын біршама қиындатып алды.

Ал павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Өскеменнің «Алтайына» 1:2 есебімен жол берді. Сондай-ақ алматылық «Қайрат-2» командасы «Түркістанды» 6:1 есебімен тізе бүктірсе, Түркістан облысының «Жетісайы» шымкенттік «Академия Оңтүстік» клубына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы ойын күні, яғни 10 шілдеде «Ақтөбе-2» өз алаңында астаналық «SD Family» командасына 1:3 есебімен есе жіберсе, Павлодар облысының «Екібастұзы» алматылық «Хан тәңірінен» 2:0,
алматылық AKAS өз алаңында «Тараздан» 3:1 есебімен басым түсті. 

Соңғы жаңалықтар