Бірінші лига: «Шахтер» сәтсіздік сериясын тоқтата ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Бірінші лигада 14-тур ойындары басталады.

футбол
Фото: «Шахтер» футбол клубы

Аталған тур ойындары 17-18 шілде күндеріне белгіленген. Бүгін, 17 шілдеде «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Алтай» (Өскемен), «Түркістан» мен AKAS (Алматы), «SD Family» (Астана) мен «Шахтер» (Қарағанды) ойнайды.

Айта кетсек, қарағандылық клуб қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл турда сол сәтсіздік сериясын тоқтата ала ма?

Ал 18 шілдеде «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Қайрат-2» (Алматы), «Тараз» бен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Ертіс» (Павлодар облысы) пен «Ақтөбе-2», «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісай» (Түркістан облысы) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Он бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

 

Соңғы жаңалықтар