«Broco» компаниялар тобы Қазақстандағы екінші филиалын Алматыда ашпақ
АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ТМД елдерінің брокерлік қызмет нарығындағы ірі операторлардың бірі саналатын «Broco» компаниялар тобы енді Алматыда да өз филиалын ашпақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандағы алғашқы филиалын бұл компания сәуірдің бас кезінде ашқан болатын. «Қазақстан нарығына шығу - «Broсo» үшін маңызды оқиға. Қазір Астанадағы филиалымыз Қазақстан қор биржасына шығу және брокерлік қызметке байланысты өзге де қызмет түрлерін ұсыну үшін өкілдік қызметін атқарып жатыр», дейді филиал жетекшісі Алексей Кияница. Жалпы тарихы 2003 жылдан басталған бұл компаниялар тобы ТМД елдеріндегі ірі онлайн брокер деп танылып, өткен жылдың соңында «WorldForexExpo» дипломына ие болған болатын. Әлемдік қаржы нарықтарында қызмет жасап жүрген компания өз жұмысын 6 сауда тұғырнамасы арқылы жүргізіледі. Онда 900-дей сауда құралы біріктірілген.