Брюссельде «Еуропаға жол: Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне даярлық» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы болды

БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Осы аптада Брюссельде ҚР Елшілігінің Еуропалық саясат орталығы және Брюссельдегі Стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Еуропаға жол: Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне даярлық» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Іс-шараға Еуроодақ Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның, НАТО-ның, ЕҚЫҰ-ның, Еуроодаққа төрағалық етуші Чех Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Дүниежүзілік банктің, Энергетикалық хартияның, Еуроодақ Кеңесіндегі Еуроодақ мүше-елдері тұрақты өкілдерінің жоғары дәрежелі өкілдері, сондай-ақ Еуропалық ғылыми-зерттеу орталықтарының және «Shell», «British Petroleum» трансұлттық компанияларының қызметкерлері және т.б. қатысты.Модератор ретінде әрекет еткен Стратегиялық зерттеулер инситутының директоры Борут Гргич Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалық етуінің даярлығы жоғары екендігін және біздің континентті біріктіру үшін осы үдерістің маңыздылығын атады. Орталық Азия елдері бойынша Еуроодақтың арнайы өкілі Пьер Морель өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның болашақ төрағасы ретіндегі рөлінің өте маңызды екендігін атады. Арнайы өкілдің сөзі бойынша, барлық ортаазиялық аймаққа ықпалын тигізіп отырған Қазақстан өз таңдауын лайықты ұстанып отыр. П.Морель өкіл-ел ретіндегі Қазақстанның алдында маңызды шаралар ? Ауғанстаннан келетін есірткі арнасына қарсы күрес, осы проблема бойынша хабардарлығын арттыру, Орталық Азиядағы су ресурстары проблемаларын реттеу және т.б. күтіп тұрғанына тоқтала кетті.Ал ЕҚЫҰ Бас хатшысы Дова Линч Еуроодақтың Каспий теңізі аймағындағы, Орталық Азия елдерімен және Ресеймен арадағы ынтымақтастық үшін ЕҚЫҰ-ға өте маңызды платформа болып табылатынын атап өтті. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ? Еуроодақпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР ұлттық үйлестірушісі Константин Жигалов ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстанның басты басымдықтарын баяндап, «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасының шешуші бағыттары жайлы, сайлау үдерістерінің, саяси партиялардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелері бойынша соңғы кездері қабылданған ҚР заңнамалары туралы хабардар етті.
Соңғы жаңалықтар