Брюссельде Еуропалық одақ институтындағы толеранттылықты алға жылжыту туралы ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының жеке үш өкілінің сапары аяқталды
ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсіту мен төзімсіздікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметовтің айтуынша, «еуропалық институт та, ЕҚЫҰ да әртүрлі салада ұқсас мақсатты көздегендіктен, еуропалық институттарда өткен кездесулер өз нәтижесін берді. Бұл ұйымдар кедергі келтірмейді, керісінше бір-бірін өзара толықтырып отырады»
Сенатор «біз барлығымыз өркендеу арасында, мәдениет пен діндер арасында айырмашылық іздемей, олар арасында ортақ құндылықтарды іздеу керекпіз» деген Еуропарламенттің төрағасы Еж Бузектің пікірін келтірді.
Ә.Ахметов атап өткендей, еуропарламентшілер Қазақстанды және біздің елдің ЕҚЫҰ аясында қандай күш жұмсап жатқандығын жақсы біледі, сондықтан олар ҚР қызметін және толеранттылық саласындағы біздің тәжірибемізді оң бағалайды.
ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты кемсіту мен төзімсіздікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әділ Ахметов, христиандар мен басқа дін өкілдеріне қатысты нәсілшілдік, ксенофобия мен кемсітуге қарсы күрес бойынша жеке өкілі - Марио Мауро, семитизмге қарсы күрес бойынша жеке өкілі - Эндрю Бэйкер Еуропалық Парламенттің төрағасы Ежи Бузекпен, оның орынбасарларымен, адам құқықтары және сыртқы мәселелер жөніндегі комитет басшыларымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.